Тридерм в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению тридерма в мази, описание действия препарата, показания к применению мази тридерма, взаимодействие с другими лекарствами, применение тридерма (мазь) при беременности. Инструкции: Тридерм в креме;
Торговое название: Тридерм®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Мазь
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07X Кортикостероиды в комбинации с прочими препаратами
D07X C Активные кортикостероиды в комбинации с прочими препаратами
Фарм. группа:
Глюкортикостероиды в комбинации с другими препаратами. Кортикостероиды сильные в комбинации с другими препаратами. Бетаметазон в комбинации с другими препаратами. Код АТХ D07XC01
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25 оС Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года Не использовать после окончания срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Однородная мазь от белого до светло-желтого цвета, без видимых механических включений

Состав тридерма в мази

1 г мази содержит
1 г жақпамайдың құрамында

Активное вещество тридерма

бетаметазон 0.5 мг (в виде бетаметазона дипропионата), клотримазол 10.0 мг, гентамицин 1.0 мг (в виде гентамицина сульфата)
0,5 мг бетаметазон ( бетаметазон дипропионат түрінде)10,0 мг клотримазол, 1.0 мг гентамицин (гентамицин сульфаты түрінде)

Вспомогательные вещества в тридерме

вазелиновое масло, вазелин белый
вазелин майы, ақ вазелин

Показания к применению мази тридерма

воспалительные проявления при дерматозах, чувствительных к кортикостероидам, которые осложнены вторичной инфекцией, вызванной организмами, чувствительными к компонентам препарата или при подозрении на данную инфекцию
  • микозы стоп, паховая эпидермофития, трихофития промежности, окаймленная экзема, трихофития гладкой кожи, вызванные Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum и Microsporum canis
  • кандидоз, вызванный Candida albicans
  • цветоизменяющий лишай, вызванный Malassezia fufrur (Pityrosporum obiculare)
  • препарат компоненттеріне сезімтал организмдерден туындаған немесе осындай жұқпаларға күдіктенгенде, салдарлы жұқпамен асқынған кортикостероидтарға сезімтал дерматоздардағы қабыну құбылыстарында
  • Trichophyton rubrum, Trichophyton megtagrophytes, Epidermophyton floccosum және Microsporum canis туындаған табан микоздарында және шап эпидермофитиясында, шап аралық трихофитияда, жиектелген экземада, тегіс тері трихофитиясында
  • Candida albicans туындатқан кандидозда
  • Malassezia fufrur (Pityrosporum obiculare) туындатқан түсі өзгеретін теміреткіде

Противопоказания тридерма в мази

повышенная чувствительность к какому-либо из компонентов препарата
  • туберкулез кожи, кожные проявления сифилиса
  • ветряная оспа, простой герпес, кожные поствакцинальные реакции
  • открытые раны
  • препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • тері туберкулезінде, мерездің терілік көріністері
  • желшешек, қарапайым ұшық, вакцинадан кейінгі тері реакциялары
  • ашық жаралар

Побочные действия мази тридерма

Редко
  • чувство жжения, эритема, экссудация, нарушение пигментации (гипопигментация), обесцвечивание кожи, зуд
Побочные реакции, обусловленные местным применением бетаметазона:

Редко
  • сухость кожи, фолликулит, гипертрихоз, угри, периоральный дерматит, аллергический контактный дерматит, мацерация кожи, развитие вторичной резистентной флоры, стрии, потница.
Очень редко
  • атрофия кожи
Побочные реакции, обусловленные клотримазолом

Редко
  • общее раздражение кожи
Очень редко
  • эритема, появление пузырей, шелушение, локальный отек, крапивница
Побочные реакции, обусловленные гентамицином

Редко
  • гиперемия (обычно не требуют прекращения лечения)
Побочные реакции, возникшие при использовании окклюзивных повязок:

Редко
  • жжение, зуд, сыпь, сухость
  • фолликулообразование
  • гипертрихоз
  • угреподобные проявления
  • гипопигментация
  • околоротовые дерматиты, аллергические контактные дерматиты
  • потница
Очень редко
  • разрыхление ткани
  • вторичная инфекция
  • атрофия кожи
Побочные реакции у детей

Очень редко
  • угнетение гипоталамо-гипофизарно-адреналовой системы
  • синдром Кушинга
  • линейная задержка роста
  • недостаточная прибавка массы тела
  • повышение внутричерепного давления, проявляющееся выбуханием родничка, головной болью, отеком зрительных нервов
Сирек
  • күйдіру сезімі, эритема, экссудация, пигментацияның бұзылуы (гипопигментация), терінің түссізденуі, қышуы
Бетаметазонды жергілікті қолдануға байланысты жағымсыз реакциялар:

Сирек
  • терінің құрғауы, фолликулит, гипертрихоз, безеулер, периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, төзімді флораның салдарлы дамуы, стриялар, баздану
Өте сирек
  • терінің атрофиясы
Клотримазолға байланысты жағымсыз реакциялар:

Сирек
  • терінің жалпы тітіркенуі
Өте сирек
  • эритема, сулы бөртпелердің пайда болуы, қабыршақтану, жергілікті ісіну, есекжем
Гентамицинге байланысты жағымсыз реакциялар

Сирек
  • гиперемия (әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді).
Окклюзиялық таңғыштарды пайдаланудан туындайтын жағымсыз реакциялар:

Сирек
  • ашыту, қышу, бөртпе, құрғау
  • фолликула түзілуі
  • гипертрихоз
  • безеуге ұқсас білінулер
  • гипопигментация
  • ауыз аумағының дерматиттері, аллергиялық жанаспалы дерматиттер
  • баздану
Өте сирек
  • тіндердің босаңсуы
  • салдарлы жұқпа
  • тері атрофиясы
Балалардағы жағымсыз реакциялар:

Өте сирек
  • гипоталамус-гипофизарлы-адреналдық жүйенің бәсеңдеуі
  • Кушинг синдромы
  • бойдың өсуінің іркілісі
  • дене салмағының қосылуының жеткіліксіздігі
  • еңбектің ісінуімен, бас ауыруымен, көру жүйкелерінің ісінуімен білінетін бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

Особые указания к применению

Если раздражение или чувствительность усиливается по мере использования Тридерма, лечение должно быть прекращено и проведена соответствующая терапия. Тридерм не предназначен для применения в офтальмологии. Продолжительное местное использование антибиотиков иногда может приводить к росту резистентной микрофлоры. В этом случае, а также при развитии раздражения, сенсибилизации или суперинфекции на фоне лечения кремом Тридерм, лечение следует прекратить и назначить соответствующую терапию. Наблюдались перекрестные аллергические реакции с аминогликозидными антибиотиками.

Любые побочные эффекты, встречающиеся при применении системных глюкокортикостероидов, включая угнетение функции коры надпочечников, могут отмечаться и при местном применении глюкокортикостероидов, в особенности у младенцев и детей. Системная абсорбция глюкокортикостероидов или гентамицина при местном применении будет выше, если лечение будет проводиться на больших поверхностях тела или при использовании окклюзионных повязок. Необходимо избегать нанесения гентамицина на открытые раны или повреждения кожи. Следует соблюдать соответствующие меры предосторожности в таких случаях, особенно при лечении младенцев и детей. При длительном использовании препарата его отмену рекомендуется проводить постепенно.

Использование в педиатрии
У детей возможно более частое возникновение признаков угнетения гипоталамо-гипофизарно-адреналовой системы и появление внешних кортикостероидных эффектов под влиянием местных кортикостериодов, чем у взрослых пациентов, что связано с большей абсорбцией из-за большего соотношения площади поверхности кожи к массе тела.

Беременность и лактация
.
Безопасность применения местных глюкокортикостероидов у беременных не доказана. Назначение этой группы препаратов во время беременности оправдано только в том случае, если потенциальная польза для женщины превышает потенциальный риск для плода. Во время беременности препараты этой группы не следует применять в больших дозах или длительно. Не известно, может ли местное применение кортикостероидов через системную абсорбцию привести к появлению их в молоке матери. Решение о прекращении грудного вскармливания или отмене препарата следует принимать с учетом необходимости применения препарата у матери.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Не установлено.
Егер тітіркену немесе сезімталдық Тридермді пайдалану шамасына қарай күшейсе, ем тоқтатылып, тиесілі терапия жүргізілуі тиіс. Тридерм офтальмологияда қолдануға арналмаған. Антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті қолдану кейде төзімді микрофлораның өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда, сондай-ақ Тридерм кремімен емдеу аясында тітіркену, сенсибилизация немесе асқынжұқпа дамыған кезде емдеуді тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн. Аминогликозидтік антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар байқалды.

Жүйелік глюкокортикостероидтарды қолданған кезде кездесетін кез келген жағымсыз әсерлер, бүйрекүсті безі қыртысы қызметінің басылуын қосқанда, глюкокортикостеридтарды әсіресе балалар мен нәрестелерге жергілікті қолданған кезде де білінуі мүмкін. Жергілікті қолданған кезде глюкокортикостероидтардың немесе гентамициннің жүйелік сіңуі, егер ем дененің ауқымды бөлігіне жүргізілетін болса немесе окклюзиялық таңғыштар қолданылса, жоғары болады. Гентамицинді ашық жараларға немесе зақымданған теріге жақпау қажет. Әсіресе балаларды және нәрестелерді емдеген кезде тиісті сақтық шараларын қолданған жөн. Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде оны біртіндеп тоқтату керек.

Педиатрияда қолданылуы
Балаларда, ересектерге қарағанда, жергілікті кортикостероидардың ықпал етуімен гипоталамус-гипофизарлы-адреналдық жүйенің тежелу белгілері және кортикостероидтың сыртқы әсерлері пайда болуы мүмкін, бұл дене салмағы мен тері сырты аумағының арақатынасы үлкен болғандықтан, үлкен мөлшерде сіңуіне байланысты.

Жүктілік және лактация
.
Жергілікті глюкокортикостероидтарды жүкті әйелдерге қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жүктілік кезінде препараттардың осы тобын егер әйел үшін болжамды пайдасы ұрық үшін күтілетін қаупінен басым болған жағдайларда ғана, тағайындауға болады. Жүктілік кезінде осы топтың препараттарын үлкен дозаларда немесе ұзақ қолданбаған жөн. Кортикостероидтарды жергілікті қолдану кезінде жүйелік сіңу арқылы олардың ана сүтінде пайда болуына әкеп соғатын-соқпайтыны белгісіз. Бала емізуді тоқтату немесе препаратты тоқтату жөніндегі шешім, препаратты анаға қолдану қажеттілігін ескере отырып, қабылдануы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Анықталмаған.

Дозировка и способ применения

Тридерм® наносить тонким слоем на всю пораженную поверхность кожи и прилегающую область 2 раза в день, утром и вечером. Для получения эффекта Тридерм® следует применять регулярно. Длительность терапии зависит от размера локализации поражения и чувствительности больного к лечению. Если клинический эффект не наблюдается в течение 3-4 недель, диагноз должен быть пересмотрен. Способ применения у детей не отличается от такового у взрослых (см. раздел «Особые указания»).
Тридермді®терінің барлық зақымданған аймағына және оның төңірегіне жұқа қабатпен күніне 2 рет, таңертең және кешке жағады. Нәтиже алу үшін Тридермді® жүйелі қолданған жөн. Емдеу ұзақтығы жергілікті зақымдану көлеміне және науқастың емге сезімталдығына байланысты. Егер клиникалық тиімділігі 3-4 апта бойына байқалмасы, диагноз қайта қаралуы тиіс. Балалардағы қолдану тәсілінің ересектердегі қолдану тәсілінен айырмашылығы жоқ («Айырықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Взаимодействие с лекарствами

Не выявлено
Анықталған жоқ.

Передозировка тридермом в мази

Симптомы: симптомы гиперкортицизма

Лечение
: Симптоматическое лечение. При необходимости проводят коррекцию электролитного баланса. В случае хронического токсического действия рекомендуется постепенная отмена кортикостероидов. При избыточном росте резистентных микроорганизмов, рекомендуется прекратить лечение Тридермом® и назначать необходимую терапию.
Симптомдары: гиперкортицизм белгілері

Емдеу
: Симптоматикалық ем. Егер керек болса, электролиттік теңгерімді түзетеді. Созылмалы уытты әсер жағдайында кортикостероидтарды қабылдауды біртіндеп тоқтату керек. Төзімді микроорганизмдер шамадан тыс өскен жағдайда Тридерммен® емдеуді тоқтату және қажетті ем тағайындау керек.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Данные о фармакокинетике препарата Тридерм® отсутствуют
Тридерм® препаратының фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамика

Комбинированный препарат Тридерм® сочетает в себе противоспалительное, противозудное, противоаллергическое и антиэкссудативное действие бетаметазона дипропионата с противогрибковой активностью клотримазола и широким антибактериальным действием гентамицина сульфата. Клотримазол оказывает противогрибковое действие за счет нарушения синтеза эргостерина, являющегося составной частью клеточной мембраны грибов. Активен в отношении Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis, Candida albicans, Malassezia furtur (Pityrosporum obiculare).

Гентамицин является антибиотиком широкого спектра действия из группы аминогликозидов. Действует бактерицидно и обеспечивает высокоэффективное местное лечение первичных и вторичных бактериальных инфекций кожи. Активен в отношении грамотрицательных бактерий: Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, Escherichia coli, Proteus vulgaris и Klebsiella pneumoniae; грамположительных бактерий: Streptococcus (чувствительные штаммы бета- и альфа-гемолитического стрептококка группы А), Staphylococcus aureus (коагулаза-положительные, коагулаза-отрицательные и некоторые штаммы, продуцирующие пенициллиназу) и грамотрицательные бактерии: Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, Escherichia coli, Proteus vulgaris и Klebsiekka pneumoniae.
Біріктірілген препарат Тридерм® клотримазолдың зеңге қарсы белсенділігін және гентамицин сульфатының бактерияларға қарсы ауқымды әсерін, бетаметазон дипропионатының қабынуға қарсы, қышуға қарсы, аллергияға қарсы және антиэкссудаттық әсерлерін үйлестіреді. Клотримазол зеңдердің жасушалық жарғақшаларының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерин синтезінің бұзылуы есебінен зеңге қарсы әсер етеді. Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis, Candida albicans, Malassezia furtur (Pityrosporum obiculare) қатысты белсенді.

Гентамицин аминогликозидтер тобына жататын әсер етуі ауқымды антибиотик болып табылады. Бактерицидті әсер етеді және терінің алғашқы және салдарлы бактериялық жұқпаларын тиімділігі жоғары жергілікті еммен қамтамасыз етеді. Грамтеріс бактериялар: Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, Escherichia coli, Proteus vulgaris және Klebsiella pneumoniae-ге; грамоң бактериялар: Streptococcus (А тобының бета- және альфа-гемолитикалық стрептококтің сезімтал штаммдары), Staphylococcus aureus-ке (коагулаза-оң, коагулаза-теріс және пенициллиназаны жасап шығаратын кейбір штаммдар) және грамтеріс бактериялар: Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, Escherichia coli, Proteus vulgaris және Klebsiekka pneumoniae-ға қатысты белсенді.

Упаковка и форма выпуска

По 15 г препарата в тубы алюминие¬вые, с внут¬ренним лаковым покры¬тием с мембраной, завинчивающимся пластмассовым колпачком со штырьком для прокалы¬вания мембраны. По 1 тубе вместе с инст¬рукцией по медицинскому применению на государственном и рус¬ском языках помещают в пачку из картона
15 г препараттан жарғақшаны тесетін істігімен бұралып жабылатын пластмасса қалпақшалы, іші лакпен жабылған жарғақшалы алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.